RU

Алматыда тағы бір модульдік аурухана бой көтеруі мүмкін

Алматыда тағы бір модульдік аурухана салынуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн-брифинг барысында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда тағы бір модульдік аурухана бой көтеруі мүмкін
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Қазір біз қысқа мерзімде тағы бір клиниканы салу үшін жұмыс істеп жатырмыз, қарастырылған қаражатты таптық, бүгінде мамандармен оның қай жерде орналасу керектігін және қандай пішінде болатынын талқылаудамыз.
Қолданыстағы үлкен клиникалардың қасында немесе модульдік клиника орналасқан жерде тұрғызу ойда бар. Шамамен 300 төсек-орынға есептелген. Бүгін түстен кейін менде кеңес болады, егер біз түпкілікті шешім қабылдайтын болсақ, онда 10-15 қыркүйекте емхананы пайдалануға беруіміз керек", - деді әкім.

Сондай-ақ, Сағынтаев Алматыдағы екі қонақ үй аурухана ретінде қайта жабдықталатынын атап өтті.

"Кеше мен РАМС Қазақстан түрік компаниясының акционерлерімен сөйлестім, олар қалада екі қонақ үйі бар екенін айтып, ұсыныс жасады.
Егер біз лицензия берсек, онда 1 қазанға дейін олар екі қонақ үйді коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған барлық құрал-жабдықтары бар клиникаға айналдырады және түрік дәрігерлерін шақырады. Біз кеше келістік олар арнайы рұқсат алады. Осылайша, екі қонақүй 215 орынға есептелген аурухана айналады.
Жалпы алғанда, қазан айында бізде ауыр эшелонды емдеуге арналған 1000 орын болады. Күзде вирус өршіп, тұмау пайда болуы мүмкін. Біз қосымша 1000 орынды дайындаймыз. Егер күз-қыс мезгілінде ауру өршісе, бізде қажетті төсек орындар болуы керек", - дейді Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн-брифинг барысында коронавирустың қорқынышты сценариіне дайындық жайлы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866386-almatyda-tagy-bir-moduldik-auruhana-boj-kterui-mmkin/