RU

Перуашев түркиялық ӨЖЖ аппараттарына байланысты премьер-министрге хат жолдады

Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Түркияның өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу мәселесіне байланысты үкімет басшысына хат жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ саясаткердің Twitter парақшасына сілтеме жасап.

Азат Перуашев. Фото: liter.kz
Азат Перуашев. Фото: liter.kz: Facebook

Ол премьер-министрге өкпені жасанды желдету аппараттарын жасап шығаратын "ОралМедРегион" ЖШС – отандық компаниясына байланысты хат жолдағанын жеткізді.

Мәжілісменнің айтуынша, өндіруші компания Атырауға медицналық құрал-жабдықтарды жеткізу туралы келісімшарт жасасқан. Алайда, денсаулық сақтау министрлігі өкпені жасанды желдету аппараттарын Түркиядан сатып алатын болғандықтан, келісімшартты бұзуды талап еткен.

Перуашевтің мәліметінше, денсаулық сақтау ведомствосы түркиялық аппараттарды 30 млрд теңгеге сатып алмақ.

"Сонда бюджет қаражатын үнемдеу мен ұлттық мүдде қайда қалады?", – деп сұрады депутат.

NUR.KZ редакциясы аталған мәселеге қатысты пікір білдірулерін сұрап, денсаулық сақтау министрлігіне жүгінді.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният оттегі баллонын үйде қолдануға қатысты пікір білдірген болатын.

Министр орынбасарының айтуынша, ауруханада оттегінің мөлшері науқастың салмағына, жасына және өкпесінің қабынуына қарай есептеледі. Оның бәрін дәрігерлер өздері анықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866393-peruasev-trkialyk-zz-apparattaryna-bajlanysty-premer-ministrge-hat-zoldady/