Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі өз қолымызда": Есмағамбетова 2 тамыздан кейін не болатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Еліміздің бас санитар дәрігері ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг кезінде екінші тамыздан кейінгі карантин шараларына қатысты өз болжамдарын айтты. Есмағамбетованың сөзінше, бәрі шектеу шараларының соңғы күндері шығатын нәтижелеріне байланысты болмақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Есмағамбетова. Фото: ОКҚ
Айжан Есмағамбетова. Фото: ОКҚ: UGC
"Егер біз сақтық шараларын бәріміз бірдей сақтамайтын болсақ, коронавируспен күресу қиынға соғады. Бұл ауа-тамшылық жолмен тез таралатын өте жұқпалы инфекция. Егер біз карантин шараларын ұстанатын болсақ, біз шектеуді жеңілдетуге тырысамыз. Себебі, жағдай өзгереді. Егер тиісті талаптарды орындамайтын болсақ, онда үнемі қатаң карантин жағдайында өмір сүруімізге тура келеді" , - деді бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова.

Оның сөзінше, екінші тамызға дейінгі қалған уақыт аралығы бәрін көрсетпек. Есмағамбетова "бәрі қазақстандықтардың қолында" деді.

Үкімет жанындағы мемлекеттік комиссия карантин әсерін талдай келе, шектеу шараларына қатысты шешім қабылдайтын болады. Олар карантин режимін жеңілдетуі, созуы немесе одан бетер күшейтуі мүмкін.

Есмағамбетованың мәлімдеуінше, қазіргі таңда комиссия мүшелері Қазақстандағы карантинді жеңілдетудің бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866396-bri-z-kolymyzda-esmagambetova-2-tamyzdan-kejin-ne-bolatynyn-mlimdedi/

pixel