Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында тұрғындар арасындағы жанжалды тоқтатқан полицей жарақат алды

Опубликовано:

Түркістан облысында учаскелік инспектор ауылдастар арасындағы бұзақылық әрекеттерді тоқтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында тұрғындар жанжалын тоқтатқан полицей жарақат алды
Фото: polisia.kz: UGC

21 шілде күні Кентау қаласы полиция бөлімінің кезекші нөміріне Шорнақ ауылындағы белгісіз тұлғалардың бұзақылық әрекеттері жайлы хабарлама келіп түскен.

Анықталғандай, ауыл тұрғындары арасындағы жанжал бұзақылық әрекеттерге ұласып, жәбірленуші мен оның туысының үйіне белгісіз тұлғалар келіп, таспен атқылай бастаған.

Оқиға орнына бірінші болып Кентау қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің инспекторы Нұрлан Құралбаев жеткен.

Ол кезекші бөлімге хабар беріп, жанжалды тоқтату шараларын жасаған. Жарақат алғаны мен тұрғындардың бағынбағанына қарамастан, инспектор күш пен қару қолданбаған. Осылайша, ол ауыл тұрғындары арасындағы киікілжіңді тоқтата алған.

Бұл жайттан кейін дене жарақатын алған учаскелік инспектор Нұрлан Құралбаев пен үш жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілген.

Сәтті ұйымдастырылған іздеу шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер төрт күдіктіні қолға түсірді.

Қазіргі уақытта полицейлер аталған факті бойынша барлық мән-жайды анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1866404-trkistan-oblysynda-trgyndar-zanzalyn-toktatkan-policej-zarakat-aldy/

pixel