Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында адамдардың жаппай жиналуына полиция пікір білдірді

Опубликовано:

Түркістан облысының полицейлері Шорнақ ауылында халықтың жаппай жиналғаны бейнеленген видеоға қатысты пікір білдірді. Құзырлы органның мәліметінше, қазір елді мекендегі жағдай тұрақты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Әлеуметтік желіден алынды
Фото: Әлеуметтік желіден алынды: UGC

Бұған дейін хабарланғандай, 21 шілдеде ауылда тұрғындар арасында жанжал болып, салдарынан олардың бірінің үйін таспен атқылаған.

Оқиға орнына бірінші болып жеткен учаскелік инспекторды қосқанда оқиғадан төрт адам зардап шеккен.

Облыстық полиция департаменті бұл оқиғадан кейін келесі күні ауылға арандатушылар жиналғанын хабарлады. Олар көрші ауылдардың тұрғындарын құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырған. Шамасы, дәл осы сәт камераға түсірілсе керек.

Алайда, құзырлы орган атап өткендей, олардың барлық әрекеттері дереу тоқтатылған. Қазір Шорнақта жағдай тыныш.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарымен әкімдік қызметкерлері мен қоғам белсенділері де әңгіме жүргізген.

Полиция аталмыш фактіге қатысты төрт адамды ұстаған, олардың екеуі сот санкциясымен екі айға қамауға алынған. Бұзақылық фактісіне қатысты тергеу жалғасуда.

Фото: Әлеуметтік желіден алынды
Фото: Әлеуметтік желіден алынды: UGC

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Кентау қаласында белгісіз біреулердің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мен оның көршісінің үйіне тас лақтырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866449-trkistan-oblysynda-adamdardy-zappaj-zinaluyna-policia-pikir-bildirdi/

pixel