Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы бір облысында блок-посттар қойылды

Опубликовано:

Ақмола облысының аумағында блок-посттар тәулік бойы қайтадан жұмыс істей бастайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның тағы бір облысында блок-посттар қойылды
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Облыстың ішкі саясат басқармасының мәлімдеуінше, аймақта қауіпті коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін 24 шілде күні 00:00-ден бастап Ақмола облысында карантиндік шаралар енгізіліп, локдаун аяқталғанға дейін күшінде болады..

Бурабай ауданы ерекше бақылауға алынып, мұнда 6 блок-пост пен 7 мобильді топ жұмыс істейтін болады.

Зеренді және Ерейментау аудандарына да кіретін жол жабылады. Мұндағы бақылау-өткізу пунктері Сайдалы және Самал көлдерінің жолдарында орналасқан.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аймақ аумағында 11 блок-пост пен 10 мобильді топ жұмыс істей бастайды. Мұнда 100-ге жуық полиция қызметкері қызмет етеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 23 шілдеден бастап Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағы жабылғаны туралы хабарлаған едік.

Ал 2020 жылғы 23 шілдеге дейін келген демалушыларға жолдама мерзімі аяқталғанға дейін демалыс базаларында қалуға рұқсат етіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866472-kazakstanny-tagy-bir-oblysynda-blok-posttar-kojyldy/

pixel