Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ кеңесін елемеді: Түркіменстан Тәуелсіздік мерекесін тойламақшы

Опубликовано:

Күллі әлем коронавирус пандемиясымен күресіп жатса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ашғабадқа берген кеңестеріне қарамастан, Түркіменстан билігі Тәуелсіздік пен нейтралитет күніне дайындықты бастап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ДДСҰ кеңесін елемеді: Түркіменстан Тәуелсіздік мерекесін тойламақшы
Фото: Centalasian.org: Instagram

Centalasian.org жаңалықтар қызметінің жазуынша, әлемде коронавирус пандемиясы басталғалы бері Түркіменстан Наурыз, денсаулық күні, түркімен арғымағының күні, Жеңіс күні, велосипед күні және президенттің туған күні секілді мерекелерін кең көлемде атап өтті.

Азаттықтың Ашғабадтағы тілшісінің хабарлауынша, үкімет Түркіменстан тәуелсіздігі мен Нейтралитет күнінде шерулер, мерекелік салтанатты жиындар, концерттер және басқа да көпшілікке арналған шаралар өткізуді жоспарлап қойыпты.

Алайда бұл елде қазір қоғамдық орындарға баруға қатаң шектеу қойылған.

Елге коронавирус жоқ деп мәлімдеген Түркіменстан билігі базарлар мен сауда орталықтарын, қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындары, спорт нысандарын, асханаларды жауып қойған. Халық әлеуметтік қашықтық сақтап, маска тағуы керек.

Айта кетерлігі, Түркіменстанда коронавирусқа тән симптомдары бар белгісіз ауру тарап жатыр, адам өлімі де көп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866474-dds-keesin-elemedi-trkimenstan-tuelsizdik-merekesin-tojlamaksy/

pixel