RU

"Тоңазытқышта сақтаған": Түркістанда дәрілер сатқан азық-түлек дүкені анықталды

Түркістанда дәрілер азық-түлік дүкенінде сатылып келген. Қаладағы сауда нысандарының бірі лицензиясыз препараттар мен медициналық бұйымдарды тамақ өнімдері салынған тоңазытқышта сақтаған. Енді дүкен иесі әкімшілік жауапқа тартылатын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Түркістан қалалық прокуратурасының прокуроры Береке Жұмабекова Яссауи көшесінде орналасқан азық-түлік дүкенінде "Заңсыз дәрі-дәрмек сату" фактісі анықталғанын растап отыр.

Оның сөзінше, аталған факт бойынша заңсыз сатылған дәрі-дәрмектер тәркіленіп, уәкілетті органдарға жолданған.

"Дүкен қожайыны "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы бойынша қағидаларды бұзу" баптарымен әкімшілік жауапқа тартылатын болады", - дейді Береке Жұмабекова.

А. Данияр

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында тәртіп сақшылары өз үйінен заңсыз ем қабылдау бөлмесін ашып, дәрі-дәрмекті қымбат бағада сатқан әйелді ұстағанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Атырау қаласында да осыған ұқсас жағдай орын алды. Онда емхана басшысы парацетамолды 10 есе қымбатқа сатқан. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866483-toazytkysta-saktagan-trkistanda-driler-satkan-azyk-tlek-dkeni-anyktaldy/