RU

Головкин алдағы кездесуге қалай дайындалып жатқанын көрсетті (видео)

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Генадий Головкин алдағы жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: instagram.com/gggboxing
Фото: instagram.com/gggboxing: Instagram

Боксшы дайындық сәтіндегі фото мен видеоны Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялап, "жағадайдағы жаттығу" деген жазба қалдырды.

Бұны көрген желі оқырмандары Головкиннің еңбекқорлығына риза болған.

"Жарайсың Генадий", "Алдағы жекпе-жекте сәттілік тілеймін", "Қазақстанның атын шығара бер", "Тек сәттілік пен жеңіс", "GGG алға", "Қазақ елі сенімен бірге", "Нағыз еңбекқор боксшы", - деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін журналист Майк Коппинджер Twitter әлеуметтік желісінде Генадий Головкин мен Сауль Альварес үшінші кездесуді өткізуге келісім бергенін жазған болатын.

Ол дереккөздерге сілтеме жасай отырып, жекпе-жектен "Канело" - 45 миллион доллар, ал қазақстандық боксшы - 30 миллион доллар табыс табатынын мәлім еткен еді.

"Екінші бокс кеші ұйымдастырушыларға 27 миллион табыс алып келгендіктен, үшінші жекпе-жек көрерменсіз өтпейді. Оның шамамен өтетін уақыты – 2021 жылдың мамыры", - дейді Майк Коппинджер.

Сонымен қатар отандасымыздың XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының қатарына енгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866485-nagyz-ebekkor-bokssy-golovkin-kalaj-dajyndalyp-zatkanyn-krsetti-video/