Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада жеңіл көлік төрт адамды қағып, келіншек пен оның сәбиі көз жұмды

Опубликовано:

Қызылорда қаласында жеңіл көлік иесі төрт адамды қағып кетіп, салдарынан екі адам мерт болып және тағы екеуі жарақат алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қызылорда облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға Тасбөгет кентінде 23 шілдеде жергілікті уақытпен 22.50-де болған.

ВАЗ-2114 көлігінің иесі жоғары жылдамдықпен келе жатып, "Mercedes-Benz" маркалы көлікті жанай соғып, содан кейін жол жиегінде келе жатқан төрт адамды қағып кеткен.

Салдарынан 28 жастағы әйел мен оның нәрестесі сол жерде көз жұмған.

Сонымен қатар тағы екі адам түрлі деңгейдегі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Онда абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген.

Ведомстов мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске сала кетсек, осыған дейін Атырау-Орал тас жолында Toyota Camry маркалы жеңіл көлігі аударылып, оқиға орнында екі адам, ауруханада жүргізуші мен бір жолаушы қаза болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1866492-kyzylordada-zeil-klik-trt-adamdy-kagyp-kelinsek-pen-ony-sbii-kz-zmdy/

pixel