RU

Айя-София мешітінде 86 жылда алғаш рет жұма намазы оқылмақ

Бүгін Стамбулдағы Айя-София мешітінде соңғы 86 жылда алғаш рет жұма намазы оқылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.

Айя-София мешітінде 86 жылда бірінші рет жұма намазы өтеді
Көрнекі фото: vkusninzja.ru: UGC

Айта кетейік, жақында сәулет кешенінен мұражай мәртебесі алынып, ол қайтадан мешітке айналды.

Түркия мемлекеттік кеңесінің бұл шешімін атап өту үшін ондаған адам Айя-София маңында жиналды.

Көптеген адамдар бұл қадамды "Түркияның егеменділік құқығы" деп атады.

Бүгінгі намазға кемінде 1500 адам оның ішінде ел басшысы Режеп Тайып Ердоған да қатысады деп күтілуде.

Сонымен бірге, Түркияның Дін істері басқармасының басшысы Али Эрбаш Айя-София ішіне ниет еткен барлық адам сыя алмайтынын, олар үшін мешіт жанында орналасқан Сұлтанахмет алаңында арнайы орын ұйымдастырылғанын атап өтті.

Республика билігі мұсылмандық ғибадат кезінде Айя-Софияның ішкі безендірілуі, оның ішінде икондар мен фрескалар, арнайы перделердің көмегімен құлшылық етушілердің көзінен жасырылатынын мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркия билігі Қазақстандағы шектеулерге байланысты отандастарымызға елге кіруге уақытша тыйым салған еді.

Сонымен қатар Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Түркияға қазақстандықтардан кімдер еркін кіре алатынын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866493-aja-sofia-mesitinde-86-zylda-algas-ret-zma-namazy-okylmak/