RU

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 78 мыңнан асты

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1687 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 78 486-ға жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Қазақстанда өткен тәулікте 1687 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 776 адамда клиникалық белгілері жоқ", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 175 / 98

Алматы қаласы - 247 / 113

Шымкент қаласы - 22 / 6

Ақмола облысы - 49 / 23

Ақтөбе облысы - 32 / 11

Алматы облысы - 78 / 56

Атырау облысы - 180 / 119

Шығыс Қазақстан облысы - 216 / 88

Жамбыл облысы - 75 / 53

Батыс Қазақстан облысы - 89 / 47

Қарағанды облысы - 140 / 56

Қостанай облысы - 54 / 20

Қызылорда облысы - 85 / 26

Маңғыстау облысы - 75 / 36

Павлодар облысы - 61 / 11

Солтүстік Қазақстан облысы - 89 / 6

Түркістан облысы - 20 / 7

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус статистикасы қалай жүргізілетінін айтып берген еді.

Сонымен қатар еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова президенттің бұрынғы кеңесші Олжас Құдайбергеновтің елде шамамен екі миллионнан аса адам COVID-19-бен ауырып шыққан деген мәлімдемесіне жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866501-elimizde-koronavirus-zktyrgandar-sany-78-mynan-asty/