Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдошы Елдос Сметовтың үшінші баласы дүниеге келді

Опубликовано:

Отандық танымал дзюдошы Елдос Сметовтың отбасында қуанышты жағдай. Спортшының жары үшінші сәбиін босанып, оған қыз бала сыйлаған. Қуанышы қойнына сыймаған әке бұл жаңалығымен әлеуметтік желі арқылы бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/yeldos60kg.
Фото: Instagram/yeldos60kg.: Instagram

Елдос Сметов өзінің үшінші мәрте әке атанғаны туралы Instagram парақшасында хабарлап, барша жанкүйерлерінен сүйінші сұрады.

"Ассалаумағалейкум, құрметті қазақ елі! "Қуанышты бөліссе көбейеді" дейді ғой. Алланың жазуымен кеше үшінші рет әке атандым. Өмірге ханшайым келіп, шаңырағымызды тағы бір рет шаттыққа бөледі. Қуанышымда шек жоқ екенін жасырмаймын. Осы жаңалыққа байланысты кешеден бері құттықтаулар легі толастар емес! Жылы шырай танытып, ыстық лебіздеріңізді жолдап жатқандарыңызға көп рахмет!

Қазір суық хабар көбейіп кетті ғой. Қалыпты өмір салтымызға оралатын сәт те алыс емес деп ойлаймын. Алла Тағала баршамызды жаман індеттен сақтап, осындай қуанышты жаңалықты көбейтсін! Ел үмітін ақтар азаматтарымыз күн санап арта берсін! Әрбір шаңыраққа шаттық, береке орнасын! Отбасымыз, ата-анамыз бен балапандарымыз, жақындарымыз аман болсын! Ләйім, қуанышты сәтте қауышайық" , - деп жащды Сметов.

Желі қолданушылары бірден дзюдошыны құттықтап, сәбиге деген ақ тілектерін жаудырды.

Айта кетейік, Елдос Сметовтың жаңа туған нәрестеден басқа тағы бір ұл мен бір қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866519-dzudosy-eldos-smetovty-sinsi-balasy-dniege-keldi/

pixel