RU

Нұр-Сұлтаннан шығаберісте полиция бекеттері қойылды

Нұр-Сұлтаннан шығаберісте полиция бекеттері қойылды. Олар коронавирустың таралуын болдырмау үшін қойылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтаннан шығаберісте полиция бекеттері орнатылды
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Полиция атап өткендей, мұндай шаралар қалада коронавирус инфекциясының алдын алу үшін қажет.

Бекеттердегі тәртіп сақшылары жүргізушілерге карантиннің күшейуіне байланысты туристік аймақтарға жол жабық екенін түсіндіреді.

Сондай-ақ, полиция шектеу шаралары ерекше бақылауға алынғанын хабарлады.

Құзырлы орган өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарын демалыс орындарына, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырады, сонымен қатар жағдайға түсіністікпен қарауды сұрап отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін 24 шілдеден бастап Ақмола облысының аумағында блок-бекеттер қайтадан жұмыс істей бастайтынын хабарлаған едік.

Мәселен Бурабай ауданында 6 блок-бекет пен 7 мобильді топ жұмысын бастамақ.

Сонымен қатар бүгіннен бастап 3 тамызға дейін Бурабай мен Ақмола облысының басқа да туристік аймақтары жабылды.

Қонақ үй қызметкерлеріне алдын ала тапсырыс алуға тыйым салынады. Бұл шектеулер коронавируспен күрес шараларына тікелей байланысты болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866526-nr-sltannan-sygaberiste-policia-beketteri-kojyldy/