"Алты баласы қалды": Айгүл Мүкей ағасынан айырылған Ләйлә Сұлтанқызына көңіл айтты
Опубликовано:
Отандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей әріптесі Ләйлә Сұлтанқызына ағасының мезгілсіз қазасына орай қайғыра көңіл айтты. Ақпарат өкілі желіде жантебірентерлік жазба жариялап, марқұм туралы бірқатар тың мәліметтермен бөлісті. Белгілі болғандай, Руслан Сұлтанұлының артынан алты баласы қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айгүл Мүкей жақын құрбысының қайғысына ортақтасып, оған Instagram парақшасында көңіл айтқан. Оған қоса, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ағасын есіне алып, оның хөмірде қандай адам болғанын жеткізді. Ол марқұмның тым ерте әрі жастай кеткеніне күйінді.
"Бүгін менің жақын құрбым Ләйлә Сұлтанқызы ағасы Русланнан айырылды. Ол тым жас еді. Оның артында отбасы мен алты баласы қалды. Руслан инсульт алып қалды. Руслан керемет бауыр, үлгілі ұл және жақсы әке бола білді. Оны барлығы жақсы көрді, сыйлады. Руслан өте керемет жан әрі аса діндар азамат болғанын. Алланың жазғанына не дейміз.. Иманды болсын, Руслан Султанұлы. Алла алдынан жарылқасын" , - деп жазды БАҚ өкілі.
Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызының туған ағасы қайтыс болғаны туралы кеше белгілі болды. Белгілі тележүргізуші қаралы хабарды желі арқылы өзі жеткізген. Оның ағасы біраз уақыт бойы жансақтау бөлімінде жатқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866536-alty-balasy-kaldy-ajgl-mkej-agasynan-ajyrylgan-ljl-sltankyzyna-kil-ajtty/