Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚМДБ құрбандық шалудың тәртібін түсіндірді

Жарияланған күні:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл құрбандық шалудың уақыты мен тәртібін түсіндірді хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Хасан Аманқұлдың айтуынша, құрбандық шалудың белгілі уақыты бар. Құрбандықты құрбан айттың алдында немесе кейін шалуға болмайды

"Уақытынан бұрын шалған құрбандық өз отбасы үшін сойылған мал іспетті. Ол құрбандық болып есептелмейді. Ал уақытынан кейін шалса, оның етін садақа ету уәжіп болады, одан өзі жемейді", - дейді Хасан Аманқұл.

Діни басқарма құрбандық шалу уақыты айт намазы оқылатын жерлерде айт намазынан кейін, ал айт намазы оқылмайтын ауылдарда таң атқаннан соң басталып, айттың үшінші күні күн батқанға дейін жалғасады.

Бұл ретте ҚМДБ қандай үкім барына тоқталды:

  1. Қалалық жерде тұратын адам құрбандығын шалу үшін оны айт намазы оқылмайтын бір ауылға жіберсе және құрбандық сол ауылда таң атқаннан кейін шалынса, дұрыс болады. Өйткені құрбандық иесінің тұратын жері емес, құрбандық шалынатын жер есепке алынады.
  2. Қатты суық, тасқын су, қалың қар және басқа да дәлелді себептермен айт намазы оқылмай қалса, құрбандық малы шамамен айт намазы оқылатын уақыт өткеннен кейін, яғни, күн шыққан уақыттан бір сағат өткен соң шалынады.
  3. Бір күнді айт күні деп есептеп, адамдар сол күні айт намазын оқыса және құрбандық шалса, сосын оның арапа күні екені анықталса, оқыған намазы және шалған құрбандығы дұрыс болады. Ал құрбан айт күнінің келмегенін біле тұра шалған құрбандығы жәй садақа болып қалады. Қазақ дәстүріндегі шектік рәсімі осыған тура келеді.
  4. Құрбандықты күндіз де, түнде де шалуға болады. Дегенмен түнде құрбан шалу мәкруһ делінген. Сондай-ақ құрбандықты айттың бірінші күні шалған – абзал.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы карантин жағдайында Құрбан айтты атап өту тәртібін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866546-kmbd-krbandyk-saludy-trtibin-tsindirdi/