Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жуылған киімдерді балконда кептірудің қауіптілігі туралы білесіз бе

Опубликовано:

Кір жуғаннан кейін оны таза ауада кептіру керек, ол онда жағымды иіске ие болады және мұндай сейсепте ұйықтаған пайдалы. Эколог Антон Ястребцев неліктен мұндай мәлімдемелердің ішінара дұрыс емес екенін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Ғалым кірді үйде кептірудің қауіптілігін айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қала тұрғындары төсек жапқыштарын таза ауада кептіргенді қалайды, бірақ ол кей кездері қолжетімсіз.

Бұны тек балкондары бар пәтер қожайындары іске асыра алады. Алайда, жағымды иіс пен балғындықтың орнына денсаулығыңызға қауіп төндіруіңіз мүмкін деп ескертті "Тіршілік кеңістігінің экологиясы" зертханасының директоры Антон Ястребцев Sputnik Қазақстан-ға берген сұхбатында.

"Қалалық жерде кір жуудан кейін киім-кешекті балконда кептіру жақсы идея емес. Қаладағы балкондардың көбі көшеге қарайды. Сырттағы дымқыл кір көшенің ауасына фильтр ретінде жұмыс істейді. Қалқымалы бөлшектер сонда орналасады. Бұл бөлшектер тозаң емес, ауыр металдар, күйе, тежегіш төсемелер мен шиналардың асфальтқа үйкелуінен пайда болған шаң. Бұлардың барлығы –канцерогендер", – деді эколог.

Төсек үстінде канцерогендермен ұзақ уақыт байланыста болу өкпенің жұмысының бұзылуына және тіпті ісіктің пайда болуына әкелуі мүмкін.

"Күніне орташа есеппен біз сегіз сағат ұйықтаймыз. Осы уақыт ішінде жастыққа, төсек жапқышына жатып, ондағы шаңды жұтамыз. Сонымен қатар, бұл бөлшектер мен ауыр металдар біздің ағзамызға түседі. Ақырында барлығы адам денсаулығына байланысты болады. Әйтеуір бұл заттар кез келген жолмен болсын адамға теріс әсер етеді. Әрине, адам бірден ауырмайды, бірақ бұл денеге ауыртпалық әкелетіні анық. Бұл теріс фактор", – деді Антон Ястребцев.

Әрине, балконға кір кептіруға болады, алайда белгілі бір жағдайларда ғана кіріскен жөн, деп толықтырды эколог.

"Мұндай жағдайда абай болу керек және киімді балконға тек экологиялық таза жерде кептіру керек. Әрекетті аулаңыз жасыл болса істеуге болады. Егер терезелер көшедегі көлік жолына қараса, кеңес бермеймін", – деді "Тіршілік кеңістігінің экологиясы" зертхана директоры.

Еске сала кетсек, еуропалық туристер демалыс үшін ең қолайлы елді атады. Ол Испания мемлекеті болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866552-zuylgan-kiimderdi-balkonda-keptirudi-kauiptiligi-turaly-bilesiz-be/

pixel