Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболшы Елдос Ахметов алғаш рет әке атанды

Опубликовано:

Отандық танымал футболшы Елдос Ахметов алғаш рет әке атанды. Аяқдопшы мен оның жары ұлды болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/eldos_akhmetov.
Фото: Instagram/eldos_akhmetov.: Instagram

Елдос Ахметов балалы болғанын Instagram парақшасы арқылы жария еткен. Футболшының жары оған маңдайы торсықтай ұл бала сыйлаған. Жас ата-ана тұңғышына Әли деген есімді берген.

Желі қолданушылары жас жұбайларды қуанышты жаңалығымен шын жүректен құттықтап, кішкентай нәрестеге деген ақ тілегін жаудырған.

"Бауы берік болсын! Әкесі секілді үлкен азамат болсын" , "Құттықтаймыз, балаларыңыздың қызығын көре беріңіздер" , "Отбасыларыңыз көбейе берсін! Қазақ атын шығарар мықты футболшы болуды нәсіп етсін" , "Құтты болсын. Дені сау болсын" , "Бақытты болыңыздар, көз тимесін" , "Тәтті балапан қызығын көрсете берсін" , - деп жазуда көпшілік.

Елдос Ахметовтың жары да өзінің парақшасында қуанышты жаңалықты хабарлап, аяғы ауыр болған кездегі ерекше фотосессиясының суреттерімен бөліскен.

Еске сала кетейік, белгілі футболшы мен оның сүйіктісі өткен жылдың қараша айында некелерін қидырып, ресми түрде үйленген болатын. Тараз қаласында өткен үйлену тойында бірқатар шоу-бизнес жұлдыздары мен танымал отандық футболшылар бой көрсеткен. Спортшының таңдауы Лейла есімді аруға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866556-futbolsy-eldos-ahmetov-algas-ret-ke-atandy/

pixel