RU

Әкім орынбасары: Шорнақ ауылы маңында 80-нен астам адам ұсталды

Бұған дейін тұрғындардың жаппай төбелесі орын алған Шорнақ ауылының маңында 80-нен астам адам ұсталып, олардың бірінің үйіне тас лақтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Әкім орынбасары: Шорнақ ауылы маңында 80-нен астам адам ұсталды
Әлеуметтік желідегі видеодан алынған кадр: UGC

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, кеше түнде Шорнақ ауылының жанында тәртіп сақшылары 80-ден астам "жас жігітті" ұстаған.

Мұнда басқа аудандардан, тіпті өзге облыстардан келген адамдар да болыпты.

Сәкен Қалқаманов бірталай адамның жиналуын әлеуметтік желідегі жалған ақпарат таратылғанымен байланыстырып отыр.

Шенеунік, сондай-ақ, түні бойы Кентау қаласының әкімімен бірге елдімекенді аралап шыққанын айтты. Ол түні адамдар үйінде тыныш ұйықтаған екен.

Еске салсақ, 21 шілде күні Шорнақ ауылының тұрғындары арасында ауыр қақтығыс орын алған болатын.

Кентау қаласы полиция бөлімінің кезекші нөміріне Шорнақ ауылындағы белгісіз тұлғалардың бұзақылық әрекеттері жайлы хабарлама келіп түскен.

Анықталғандай, ауыл тұрғындары арасындағы жанжал бұзақылық әрекеттерге ұласып, белгісіз біреулер дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мен оның көршісінің үйіне тас лақтырып, салдарынан үш адам мен учаскелік инспектор жарақат алған.

Бүгін ауылдағы оқиғаға Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев түсініктеме берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866572-kim-orynbasary-sornak-auyly-maynda-80-nen-astam-adam-staldy/