RU

Қазақстанда заңдылық бұзған жеті судья жауапкершілікке тартылды

23 шілде күні Жоғары сот кеңесінің жанындағы сот жюриінің отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша жеті қазақстандық судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жоғары сот кеңесінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC

Сот жюриінің отырысы барысында аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларына қатысты бірқатар тәртіптік іс қаралды.

Нәтижесінде жеті судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың үшеуіне сөгіс жарияланса, төртеуіне ескерту жасалынды.

Анықтағандай, судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға олардың сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны негіз болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жоғары лауазымды шенеуніктерге қатысты іс қозғалғанын хабарлаған болатынбыз. Анықталғандай, қылмыстық іс цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен білім және ғылым министрлігінің жоғары лауазымды екі шенеунігіне қатысты қозғалған.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев алқа отырысында мәлімдеді.

Оған қоса, елімізде КВИ-мен күреске бөлінген қаржыны жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 11 күннің ішінде дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сату саласында 396 құқық бұзушылық анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866576-kazakstanda-zadylyk-bzgan-zeti-suda-zauapkersilikke-tartyldy/