RU

Сәтбаев әкімі отставкаға кетуге өтініш білдірді

Сәтбаев қаласының әкімі отставкаға кетуге өтініш білдірді. Алайда, өтініш қабылданған жоқ және қала басшысы тәртіптік жазаға тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Сәтпаев әкімі отставкаға кетуге өтініш білдірді
Сәтпаев әкімі Асқар Ыдырысов. Фото: gov.kz: UGC

Бүгін Сәтбаев қаласы жайлы ақпараттар легі толасар емес. Күні кеше шаһарда тұрғындар жиналып, болжам бойынша бес жасар қызды ұрлап кетіп, зорламақ болған азаматты беруді талап еткен болатын. Көпшілік күдіктіні өздері жазалауға ниет білдірген.

Ал бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев әкімі отставкаға кетуге ниет білдіргенін мәлімдеді. Алайда, өтініш себебі кешегі оқиғаға қатысты емес болып шықты.

Антикор ақпарынша, ведомство қызметкерлері елде қарамағындағы адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар болса, басшылардың отставкаға кетуі туралы норманың орындалуын қадағалайды.

Сәтбаев әкімі де дәл осы себеппен отставкаға кетуге өтініш берген. Оның қоластындағы Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық қалалық бөлімінің басшысы жемқорлыққа қатысы бар болғаны үшін айыппұл арқалаған.

"Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімі қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлық құқыбұзушылығы үшін отставкаға берген (Кунедилова, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі, белгілі бір лауазымдарда қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 12 млн теңге сомасында айыппұл)",- деді ведомствода.

Оның отставкасы қабылданбаған, әкім сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Одан бөлек, Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі де отставкаға бергені мәлім болды. Ол қарамағындағы қызметкердің жемқорлыққа қатысы бар болғандықтан, қызметінін босатылды.

Сондай-ақ, БҚО Шыңғырлау ауданы әкімінің отставкасы қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866595-stbaev-kimi-otstavkaga-ketuge-tinis-bildirdi/