RU

Қазақстанда Құрбан айт күндері мешіттер ашылмайды

Қазақстанда Құрбан айт күндері мешіттер ашылмайды деп мәлімдеді ҚМДБ басшысы брифинг барысында. Мұндай шараның қабылдануына COVID-19 пандемиясына байланысты карантин режимінің 2 тамызға дейін ұзартылуы себеп болып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда Құрбан айт күндері мешіттер ашылмайды
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл Құрбан айт күндері 31 шілде мен 1-2 тамыз аралығына келетінін мәлімдеді.

Биліктің коронавирусқа байланысты карантинді 2 тамызға дейін ұзартуына байланысты барлық мешіттер жабық болады.

Өз-өзін оқшаулау режимінде дұғаны үйден оқуға рұқсат етіледі. Ал садақа онлайн режимде 30 шілдеге дейін қабылданады. Ол үшін тәулік бойы жұмыс істейтін портал іске қосылады.

Кез келген азамат садақа бере алады. Мұның барлығы халықты қауіпті дерттен сақтау үшін жасалып отыр деді ҚМДБ басшысы.

Портал арқылы онлайн режимде жиналған қаражатқа сатып алынған еттер мұқтаж адамдарға беріледі. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы коронавирус инфекциясынан сақтану үшін бұл күндері үйге қонақ шақырмауды сұрады.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл құрбандық шалудың уақыты мен тәртібін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866605-kazakstanda-krban-ajt-knderi-mesitter-asylmajdy/