RU

Атыраулық әйел бес жасар баламен бірге көпірден секірмек болған

24 шілдеге қараған түні Атырауда әйел адам бес жасар баламен бірге көпірден секірмек болды. Ол түнгі сағат он екі жарымда қаладағы орталық көпірге барған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Атыраулық әйел бес жасар баламен бірге көпірден секірмек болған
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жергілікті ATPress.kz басылымының хабарлауынша, келіншектің бұл әрекетіне Ұлттық ұлан сарбаздары тосқауыл болған.

"Патрульдеу кезінде әскери нарядтың кіші сержанты Еркен Нұрғалиев, қатардағы жауынгерлер Дмитрий Коваленко мен Нұрсейіт Құсайынов қараңғыда бала ұстаған әйелді көрген. Ол көпір қоршауында тұрды", - деп хабарлады Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Әскери қызметшілер кезекшіге баяндап, тәртіп сақшыларын шақырған.

Полиция келгенге дейін олар көпірден секірмек болған әйелмен сөйлесіп, оқыс оқиғаның алдын алуға тырысты.

Нәтижесінде әскери қызметкерлер әйелді мұндай әрекет жасамауға көндірді. Оның суицидке неге бел буғаны анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейменов Атырауда итін тұншықтырған адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді кері қайтара алғанын мәлімдеген болатын.

"Бұл жолы ол жауапқа тартылады деп сенемін! Шағымымды әділ қарағаны үшін Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллинге жеке өзімнің және он мыңнан аса қазақстандықтардың атынан алғыс айтамын! Біз әділеттілікке сенеміз! Жамандық жазалануы керек!", - деп жазды ол өз парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866624-atyraulyk-jel-bes-zasar-balamen-birge-kpirden-sekirmek-bolgan/