RU

Нұр-Сұлтанға кезекті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді

24 шілдеде коронавирус, пневмония және басқа да ауруларды емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектердің тағы бір партиясы Нұр-Сұлтанға ұшақпен жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан әкімідігінің сайтына сілтеме жасап.

иииии
Фото: astana.gov.kz: UGC

Сонымен қатар қалаға тағы 120 мың қорап дәрі-дәрмек, атап айтсақ 32 мың вирусқа қарсы препарат, 31,5 мың антикоагулянт және т.б. әкелінді.

Сондай-ақ қала дәріханалары ксарелто, кардиомагнил, азитромицин, аспирин, дексаметазон, бромгексин, верошпирон, слемоксин, флемоклав, осельтамивир, эргоферон, кагоцел, арбидол, лавомакс, гроприносин және т. б. дәрі-дәрмектермен қосымша толықтырылатын болады.

иииии
Фото: astana.gov.kz: UGC

Шілде айының ортасынан бастап қалаға 90 тоннаға жуық дәрі-дәрмек әкелінді. Дәрілердің тағы бір партиясы ертең (25 шілде) жеткізіледі. Барлық дәрі-дәрмектер тексеруден өткен соң (1-2 күн), дәріханалардың ірі желілеріне бөлінеді. Бұл гуманитарлық көмек емес. Әкімдік дәріхана желілерінің дистрибьютерлеріне дәрі-дәрмек сатып алу үшін айналым қаражатын бөліп, тасымалдауға көмек көрсетеді. Бұдан басқа, ауруханалар мен емханаларға коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін қосымша медициналық жабдықтар келіп түсетін болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, дәрі-дәрмекті жеткізу және қосымша медициналық жабдықтарды сатып алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866648-nr-sltanga-kezekti-dri-drmek-partiasy-zetkizildi/