RU

Отандық танымал журналист пневмониядан көз жұмды (фото)

Қазақстандық журналист Рүстем Рақым өмірден өтті. Мәліметтерге қарағанда, 34 жастағы ер адам пневмониядан көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК
Видеодан кадр/КТК: Instagram

Рүстем Рақым КТК телеарнасының Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңалықтар бюросында жұмыс істеген. Одан кейін журналисттің бірқатар отандық арналарда қызметін жалғастырғаны белгілі болды.

Мәліметтерге сенсек, марқұм ауырған ата-анасына көмектесуге туған қаласына барған. Достарының айтуынша, ауруды сол жерден жұқтырыпты.

34 жастағы журналистің артында қартайған ата-анасы мен жалғыз ұлы қалған.  

Дереккөз: КТК телеарнасы

Марқұмның соңғы қызметі "Ұран" қоғамдық бірлестігінің баспасөз хатшысы. Ондағы әріптестері Рүстем Рақымның білікті маман болғанын жеткізген.

"Өткен жылдың күзінен бастап Рүстем бізде баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді. Оның бірлестіктегі жұмысы қазақстандық қоғамның әлеуметтік саласында қоғамдық-саяси бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлесін тигізді. Ол өз ісінің шебері еді. Кәсіби ортада көптеген адам Рүстемді журналист, пиаршы ретінде біледі, кейбіреулері Рүстемнің ЕҰУ-да сабақ бергенін біледі. Журналистика және PR факультетінде студенттермен жұмыс істеді. Оның арқасында көптеген адам өздерінің кәсіби жолын тапты. Ол өзіндік із қалдырды, - деп еске алды әріптестері.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Рүстем Рақымның жанұясы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Еске сала кетсек, осыған дейін қобызшы, ұстаз, дирижер, күйші, композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразғали Сейітқазының өмірден өткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866660-otandyk-tanymal-zurnalist-pnevmoniadan-kz-zmdy-foto/