RU

Магомед Исмаилов атақты Александр Емельяненконы нокаутпен жеңді (видео)

Аралас жекпе-жектен Сочиде өткен АСА 107 турнирінің негізгі кездесуінде ресейлік атақты спортшы Александр Емельяненко қарсыласы Магомедом Исмаиловқа есе жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Артур Лебедев / РИА Новости
Фото: Артур Лебедев / РИА Новости: Instagram

Айта кетейік, Исмаилов үшін бұл ауыр салмақта дәрежесіндегі алғашқы кездесу. Спортшы жекпе-жекке шығу үшін он бес келі қосқан. Салмақ өлшеу кезінде ол 97 келі тартса, қарсыласы 117 келі болды. Алайда бұл басымдылық Александр Емельяненкоға ешқандай көмегін тигізбеген.

Жекпе-жек күтпеген жерден үшінші раундта Исмаиловтың жеңісімен аяқталды. Спортшы Емельяненконы техникалық нокаутпен ұтты. Осылайша, Магомед Исмаилов кәсіби мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізсе, Александр Емельяненко сегізінші рет қарсыластарына есе жіберіп алды.

Сонымен қатар АСА 107 турнирінде қазақстандық Евгений Егембердиев октагонға көтерілген. Ол ресейлік Насрудин Насрудиновқа қарсы кездесу өткізіп, үшінші раунда мерзімінен бұрын ұтылды. Бұл отандасымыздың мансабындағы үшінші жеңілісі. Ал қарсыласы осыған дейін сегіз жекпе-жекке шығып, бірде бір рет ұтылмаған.

Еске сала кетсек, қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі жеңіліспен аяқталған еді. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте жеңіс төрешілер шешімімен бразилиялыққа берілді. Алайда, бұл шешімнің даулы болғанын айта кету керек.

Тіпті, кейін UFC президенті Дана Уайт Жұмағұлов қатысқан турнирдің төрешілерін сынға алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866661-magomed-ismailov-atakty-aleksandr-emelanenkony-nokautpen-zedi-video/