RU

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 80 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 1740 адам коронавирус инфекциясымен ауырғаны белгілі болды. Осылайша, елде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 80226-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 80 мыңнан асты
Фото: NUR.KZ: UGC

Оның ішінде 816 клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 251 / 102

Алматы қаласы - 220 / 118

Шымкент қаласы - 39 / 17

Ақмола облысы - 51 / 27

Ақтөбе облысы - 36 / 13 Алматы облысы - 53 / 44

Атырау облысы - 156 / 112

Шығыс Қазақстан облысы - 215 / 95

Жамбыл облысы - 61 / 40

Батыс Қазақстан облысы - 91 / 48

Қарағанды облысы - 150 / 62

Қостанай облысы - 60 / 35

Қызылорда облысы - 80 / 32

Маңғыстау облысы - 64 / 26

Павлодар облысы - 109 / 24

Солтүстік Қазақстан облысы - 85 / 9

Түркістан облысы - 19 / 12.

Айта кетейік, Атырау облысында COVID-19 індетімен күреске 2 мыңнан аса медицина қызметкері тартылған.

Бұдан бөлек, аталған өңірде қазіргі уақытта 278 медицина қызметкері тапшы. Қазіргі уақытта облыстағы дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесі шешімін тауып жатыр. Ол үшін ішкі ресурстарды пайдалану туралы шешім қабылданып, медицина факультетінде оқитын жоғары курс студенттері пандемиямен күреске тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866668-elde-koronavirus-zktyrgandar-sany-80-mynan-asty/