RU

Елде коронавирустан айыққандар саны 51 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 1772 адам коронавирус дертінен емделіп шықты. Осылайша, елде ауруды еңсергендер саны 51260-қа жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Елде коронавирустан айыққандар саны 51 мыңнан асты
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 242

Алматы қаласы - 157

Шымкент қаласы - 8

Ақмола облысы - 26

Ақтөбе облысы - 121

Атырау облысы - 386

Шығыс Қазақстан облысы - 364

Жамбыл облысы - 11

Батыс Қазақстан облысы - 190

Қарағанды облысы - 62

Қостанай облысы - 23

Қызылорда облысы - 45

Маңғыстау облысы - 24

Павлодар облысы - 19

Солтүстік Қазақстан облысы - 68

Түркістан облысы - 26.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1740 адам коронавирус инфекциясымен ауырғаны белгілі болды. Осылайша, елде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 80226-ға жетті.

Ал Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов індет кезіндегі тамақтану мен гигиенаның рөлі туралы айтып берді.

"Коронавирустың басты ерекшелігі – жасы келген жандарға аса қауіпті. Сол үшін де олардың күтіміне көбірек көңіл бөлген дұрыс. Үлкен адамға төрді ұсынған дұрыс. Төр қашанда таза орын. Оларға ұлттық тағамдарды көбірек ұсынған абзал. Дастархан таза, тағам жақсы болса, індет те қашықтай түседі. Қарт жандардың көңіл-күйі үнемі жақсы болуы шарт. Сондай-ақ, эпидемия кезінде өзге жандармен қарым-қатынасын шектеген абзал. Жас адам індет жұқтырса, ауырып аяққа тұрып кетеді, ал қарттардың аман қалуы қиындау", - деді Шарманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866673-elde-koronavirustan-ajykkandar-sany-51-mynan-asty/