RU

Семей тұрғыны тапшы дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан

Семей қаласының тұрғыны дәрі-дәрмекті заңсыз әрі бағасын асырып сатумен айналысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Семей тұрғыны тапшы дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында тапшы медициналық препараттарды заңсыз сату фактісін анықтады.

Дәрі-дәрмекті заңсыз сатумен Семей қаласының тұрғыны айналысқан. Ол "Метрид", "Парацетамол", "Аспирин", "Эргоферон", "Новокаин", "Лидокаин" сияқты тапшы препараттарды көтеріңкі бағамен сатпақ болған.

Осы заңбұзушылық бойынша материал айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ШҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.

Дәрілік препараттарды жоғары бағамен заңсыз сату фактілері бойынша комитеттің 8 (7172) 70-84-78 және департаменттің 8 (7232) 24-06-05 сенім телефондарына хабарласуға болады.

Айта кетейік, қызылордалық полицейлер дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактілерін анықтады.

Мәселен, 23 шілде күні полиция қызметкерлерімен заңсыз медициналық дәрілік препараттарды жоғары бағада сатып, кәсіпкерлік қызметпен лицензиясыз айналысқан Қызылорда қаласының екі тұрғыны, 42 жастағы ер адам пен 35 жастағы әйел ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866681-semej-trgyny-tapsy-dri-drmekti-kymbatka-satkan/