RU

Тараздық кәсіпкерлер вирус жұқтырған науқастар мен дәрігерлерді тегін тамақтандырды

Тараздық кәсіпкерлер ауруханадағы індет жұқтырған науқастар мен дәрігерлерді тегін тамақтандырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Тараздық кәсіпкерлер вирус жұқтырған науқастар мен дәрігерлерді тегін тамақтандырды
Фото: Хабар 24: Getty Images

Қайырымды іске қаладағы үш сауда орны мен базар иесі ұйытқы болған. Олар 300 адамға күріш, сорпа сияқты түскі ас дайындап, 150 литр суды ауруханаға жеткізіп берді. Осылайша, кәсіпкерлер сала мамандарына деген құрметі мен қоғамдағы жағдайға бей-жай қарамайтынын білдірді.

Ұйымдастырушылар мұндай бір реттік шара көпшілікке ой салып, жұқпалы аурумен бәріміз бірлесе күрессек қана нәтиже шығады дейді.

"Бүкіл әлемде болып жатқан індет тарап жатқанына бізде көмегімізді берсек пе деген ойымыз болды. Соны бүгін ұйымдастырдық. Басқаларды да осындай іс-шара ұйымдастыруға шақырамыз",- дейді кәсіпкер Руслан Мырсапарұлы.

Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында Мыңарал ауылдық округінде болып, ақсақалдар және жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдады.

Кездесу барысында ауыл тұрғыны Гүлзағира Ешмағамбетова ауыл әкімі Зубаржат Қамиеваның жұмысын сынға алып, шенеуніктің сөзі мен ісі арасында алшақтық көп екенін ашына жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866687-tarazdyk-ksipkerler-virus-zktyrgan-naukastar-men-drigerlerdi-tegin-tamaktandyrdy/