Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай жағдайда көшеде маска тақпауға болады

Опубликовано:

Көшеде маска тағу туралы ережеге қатысты түрлі кереғар пікірлер айтылуда. Мәселен, Ақтөбе облысының тұрғындары масканы қай жерде тағу міндетті, ал қай жерде тақпауға болатынын түсінбеуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің соңғы қаулыларының бірінде жеке қорғаныс құралдарын жабық бөлмелерде және адам көп шоғырланған жерлерде қолдану керектігі айтылған деп жазды "Диапазон" басылымы.

Алайда, жақында еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова көшеде де маска тағу міндетті екенін, болмаса айыппұл тағылатынын мәлімдеген еді. Айтуынша, масканың коронавирустан қорғайтыны дәлелденген.

Осыдан кейін Ақтөбе облысының тұрғындары қай жерде маска тағып, қай жерде тақпау керектігін дұрыс түсінбей, шатаса бастаған. Мәселені өңірдің бас санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің 26 шілдедегі қаулысына сәйкес, көшеде екі немесе одан да көп адам топтанып жүрсе, маска тағулары міндетті. Яғни, көшеде жалғыз жүрсеңіз, маска тақпауға болады деген сөз.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында көшеде маска тағу міндетті екенін, талапты орындамағандар айыппұл арқалайтынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866695-kandaj-zagdajda-ksede-maska-takpauga-bolady/

pixel