RU

Ресей халықаралық рейстерді қайта жаңғыртады (видео)

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин үкімет отырысында 1 тамыздан бастап халықаралық бағыттарда қатынайтын рейстер қайта қалпына келетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Алғашқы кезеңдегі рейстер Мәскеу мен Мәскеу облысының, Санкт-Петербург пен Ростов-на-Дону әуежайларынан жүзеге асырылады.

Үкімет басшысының орынбасары Татьяна Голикованың мәлімдеуінше, халықаралық бағыттар бойынша үш елге – Ұлыбритания, Түркия және Танзанияға әуе рейстері қатынайды. Тізім тағы да кеңейтілетін болады.

Айта кетейік, Ресей Федерациясы COVID-19 пандемиясына байланысты наурыз айында ел шекараларын жапқан болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Жаңа ережелерге сәйкес, Қазақстан азаматтарына тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған шет мемлекеттерге шығуға рұқсат берілген. Оған қоса, аталған елдердің азаматтарына біздің ел аумағына да кіруге болады.

Сонымен қатар, шетел азаматтары Қазақстанға кірерде ұстанатын талаптардың тізіміне де өзгеріс енгізілді. Ел аумағына кіріп, шығуға азаматтар мен шетелдіктердің тағы бірнеше тобына рұқсат етілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866711-resej-halykaralyk-rejsterdi-kajta-zagyrtady-video/