RU

Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан қостанайлық ұсталды

Әлеуметтік желіде "халыққа химиялық у шашылып жатқаны" жөнінде жалған ақпарат таратқан әйел анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан қостанайлық ұсталды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 44 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны Instagram желісінде қатерлі індеттің қайдан шыққанын айтып, халыққа химиялық у шашылғанын жария еткен.

"Әйел әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жалған ақпарат таратқан. Оның видеожазбасы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тексерілді. Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл бап қасақана жалған ақпарат тарату қылмысы үшін жазаға тартуды көздейді", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ғылым саңлағы, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 82 жасында дүние салды.

"25 шілде күні 82 жасында академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев көз жұмды. Өкінішке қарай, кең тараған ауру біздің отбасымызға да жетті. Жерлеу рәсімі тек отбасы мүшелерінің қатысуымен өтеді. Барлық қоштасу шаралары тура бір жылдан кейін, 2021 жылы 25 шілдеде өтеді", - делінген Сағадиевтер отбасы таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866731-koronaviruska-katysty-zalgan-akparat-taratkan-kostanajlyk-staldy/