RU

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 миллионнан асып кетті. COVID-19 тарауы бойынша көшбасшы елдер қатарында АҚШ, Бразилия мен Үндістан бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 миллионнан асты
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Worldmeter порталының ақпарынша, әлемде коронаиврус инфекциясына қатысты ахуал әлі де ауыр, бәсеңдеу байқалмайды. Бүгінге дейін 16 202 505 адам ауру жұқтырған. 648 452 қайғылы жағдай тіркелген. Қатерлі дерттен 9,9 млн адам жазылып шыққан.

Ал Қазақстанда өткен тәулікте 1494 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, елде қауіпті дерт расталғандар саны 81720- ға жетті.

Айта кетейік, Америка Құрама Штаттарындағы Техас университетінің ғалымдары коронавирусты зерттеу барысында тағы бір тың дерекке қол жеткізді.

Мамандар жұқпалы дерттің адам ағзасындағы жасушаларға енуіне негіз болатын басты ферментін тапты. NSP-16 (Эн-Эс-Пи-16) деп аталған ақуыз денедегі жасушалардың ағзаға түскен коронавирус инфекциясын бөтен деп танып, онымен күресуіне мүмкіндік бермейді екен.

Осылайша, вирустың адам ағзасына тез еніп, көбеюіне жол ашатын көрінеді.

Ғалымдар бұл келешекте жұқпалы дертке қарсы жаңа дәрілерді жасап шығаруға көмектеседі деп отыр.

Ал Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары коронавирус індеті тағы неше уақытқа жалғасатынына болжам жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866759-lemde-koronavirus-zktyrgandar-sany-16-millionnan-asty/