RU

"Белгісіз адамдар ұстап отыр": Павлодарда жалған қоңырау шалған адам жауапқа тартылды

Павлодар облысында ішімдік ішкен ер адам “102” телефонына жалған қоңырау шалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында ішімдік ішкен ер адам “102” телефонына жалған қоңырау шалды
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Осы жылы “102” арнасына полиция қызметкерлері 57 500-ге жуық қоңырау қабылдады. Олардың 17-сі жалған болып шықты.

Мысалы, “Теле-2” операторына көмек көрсету туралы өтініш келіп түскен. Қоңырау шалған ер адам өзін таныстырмады және оны жертөледе белгісіз адамдардың ұстап отырғанын, оның қолдары байлаулы екенін және басқа адамға қоңырау шалудың мүмкіндігі жоқ екенін түсіндірген.

Оператор жедел түрде полицияға шақыру жіберген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қоңырау шалған адам анықталды. Өз қылығын ол жалғыздықта ішімдік ішіп отырып, мобильді операторына қоңырау шалып, ойдан шығарған оқиғаны айтуды шештім деп түсіндірді. Қаскүнем өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ол ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде "халыққа химиялық у шашылып жатқаны" жөнінде жалған ақпарат таратқан әйел анықталған еді. Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл бап қасақана жалған ақпарат тарату қылмысы үшін жазаға тартуды көздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866761-belgisiz-adamdar-stap-otyr-pavlodarda-zalgan-koyrau-salgan-adam-zauapka-tartyldy/