Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Сағадиевтің отбасына көңіл айтты

Опубликовано:

Қазақстанның тұңғыш президенті көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Сағадиевтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Facebook/Kenzhegali Sagadiev
Фото: Facebook/Kenzhegali Sagadiev: Instagram

Нұрсұлтан Назарбаев Кенжеғали Сағадиевтің ұзақ жыл түрлі жауапты қызметтерді атқарып, үлкен экономист ғалым ретінде өзінің бар білімі мен ұйымдастырушылық мол тәжірибесін Отанымызды өркендетуге, тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге арнағанын атап өтті.

"Кенжеғали Әбенұлы абыройлы қызметі мен бойындағы азаматтық асыл қасиеттерінің арқасында халқымыздың лайықты құрметі мен қошеметіне бөленді. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, бұған дейін ғылым саңлағы, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 82 жасында өмірден озғанын хабарлаған едік.

"25 шілде күні 82 жасында академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев көз жұмды. Өкінішке қарай, кең тараған ауру біздің отбасымызға да жетті. Жерлеу рәсімі тек отбасы мүшелерінің қатысуымен өтеді. Барлық қоштасу шаралары тура бір жылдан кейін, 2021 жылы 25 шілдеде өтеді", – делінген Сағадиевтер отбасы таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866776-nazarbaev-sagadievti-otbasyna-kil-ajtty/

pixel