RU

Алматы облысында қыз алып қашқан үш жігіттің басы бәлеге қалды

Алматы облысында полиция қызметкерлері қыз алып қашқан күдіктілерді қолға түсірді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: azattyq.org /Ұлан Асаналиев
Көрнекі фото: azattyq.org /Ұлан Асаналиев: Instagram

Facebook әлеуметтік желісіндегі Не молчи KZ тобында жарияланған жазба авторы жол бойында қыз алып қашу оқиғасының куәгері болғанын жеткізген.

Оның сөзінше, "Ауди" маркалы көлігіне бірнеше ер адам қызды күштеп мінгізіп, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Бұл туралы куәгерлер тәртіп сақшылары хабарлаған. Кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктілерді қолға түсіргені белгілі болды.

"Қыз алып қашқан" ер азаматтар Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының маңында тоқтатылды. Олар полиция бөлімшесіне жеткізілген. Онда жігіттердің бірі қызды үйлену үшін алып қашқанын айтыпты.

Қазіргі кезде жәбірленуші босатылды. 28 жастағы Талғар ауданының тұрғыны полицияға арыз жазған.

Күдіктілерден жауап алу және факт бойынша материал жинау жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866788-almaty-oblysynda-kyz-alyp-kaskan-s-zigitti-basy-blege-kaldy/