RU

Нұр-Сұлтан қаласына қонған QazaqAir ұшағынан ақаулар анықталған

Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына қонған QazaqAir ұшағының корпусына зақым келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/qazaqair_official
Фото: instagram.com/qazaqair_official: Getty Images

Ведомство таратқан ақпарақта сәйкес, әуе көлігі Өскеменнен ұшып келген.

"Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында әуе кемесін ұшар алдындағы қалыпты қарау барысында әуекомпанияның бір ұшағының корпусынан іздер табылды. Тиісті қызметтерге шұғыл хабар берілді", - деләнген әуе компаниясының хабарламасында.

Ведомство QazaqAir жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұтатынын, сол себепті компанияның авиация-техникалық қызметі тарапынан тексеру және толық талдау жүргізілгенше аталмыш борттың жұмысын тоқтату жөніндегі шешім қабылданғанын мәлімдеді.

"Өңірлік QAZAQ AIR авиакомпаниясы үшін авиациялық қауіпсіздік – негізгі басым бағыт, осыған байланысты аталмыш оқиға бойынша тексеру толық аяқталғанша түсініктеме беруден қалыс қаламыз", - деді әуекомпаниясының баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, ұшу бағдарламасы кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Атырауда ұшақтан шыққан қара түтін жұртты алаңдатқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866798-nr-sltan-kalasyna-kongan-qazaqair-sagynan-akaular-anyktalgan/