RU

"Миллион кімге бұйырады" бағдарламасының жүргізушісі қайтыс болды (фото)

Америка Құрама Штаттарында актер, тележүргізуші Реджис Филбин 89 жасында көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы TMZ басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Реджис Филбин АҚШ-та көптеген атақты бағдарламалардың жүргізушісі болды, соның ішінде оның есімін жұртшылыққа кеңінен танытқан "Миллион кімге бұйырады?" шоуы. Ол аталған жобаның америкалық нұсқасын жүргізді. Бағдарлама АҚШ-та 1999 жылдан бері көрсетіле бастады.

The New York Times газеті таратқан ақпаратқа сәйкес, Филбиннің америкалық телевизия эфиріндегі уақытының жалпы ұзақтығы 17 мың сағаттан асады. Бұл жетістік Гиннестің рекордтар кітабына тіркелген.

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында тележүргізушінің жақындарына көңіл айтты. Трамп Филбин оның досы болғанын және АҚШ президенттігіне дауысқа түсуге шақырғанын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін ғылым саңлағы, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 82 жасында өмірден озғанын хабарлаған едік.

"25 шілде күні 82 жасында академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев көз жұмды. Өкінішке қарай, кең тараған ауру біздің отбасымызға да жетті. Жерлеу рәсімі тек отбасы мүшелерінің қатысуымен өтеді. Барлық қоштасу шаралары тура бір жылдан кейін, 2021 жылы 25 шілдеде өтеді", – делінген Сағадиевтер отбасы таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866811-million-kimge-bjyrady-bagdarlamasyny-zrgizusisi-kajtys-boldy-foto/