RU

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 83 мыңнан асты

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1402 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 83 122-ге жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC
"Қазақстанда өткен тәулікте 1402 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 589 адамда клиникалық белгілері жоқ", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 292 / 105

Алматы қаласы - 221 / 122

Шымкент қаласы - 54 / 5

Ақмола облысы - 56 / 32

Ақтөбе облысы - 25 / 11

Алматы облысы - 38 / 30

Атырау облысы - 37 / 31

Шығыс Қазақстан облысы - 171 / 69

Жамбыл облысы - 52 / 26

Батыс Қазақстан облысы - 88 / 50

Қарағанды облысы - 106 / 40

Қостанай облысы - 58 / 23

Қызылорда облысы - 8 / 4

Маңғыстау облысы - 45 / 13

Павлодар облысы - 54 / 13

Солтүстік Қазақстан облысы - 74 / 7

Түркістан облысы - 23 / 8

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус статистикасы қалай жүргізілетінін айтып берген еді.

Сонымен қатар, жақында Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары коронавирус індеті тағы неше уақытқа жалғасатынына болжам жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866814-elimizde-koronavirus-zktyrgandar-sany-83-mynan-asty/