RU

Павлодар облысында тас жолдағы апаттан кейін бүтін бір отбасы ауруханаға түсті

Павлодар-Қызылорда тас жолында болған апаттан кейін 6 адамнан тұратын отбасы (2 ересек және 4 бала) ауруханаға түсті. Toyota Camry тұрған "Зил" көлігімен соқтығысып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Павлодар облысында тас жолдағы апаттан кейін бүтін бір отбасы ауруханаға түсті
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

39 жастағы әйел жапон көлігін айдап бара жатқан. Sputnik Қазақстан облыстың ПД-не сілтеме жасап, апаттың Шідерті ауылының маңында болғанын хабарлады. Toyota көлігі "Зил" автоцистернасымен соқтығысқан. Жүк машинасы жолдың жөндеу учаскесінде тұрған.

Апат салдарынан жолаушылар мен Камри жүргізушісі Екібастұз ауруханасына жеткізілді. Көлікте 4 кәмелетке толмаған бала болғандығы атап өтілді.

Полицияның мәліметінше, көліктер айыппұл тұрағына қойылған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысындағы тас жолда жеті жасар баланың көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Тереңкөл-Железинка тас жолында Volkswagen Passat DAF жүк көлігімен соқтығысты. Оқиға 17 маусым күні күндіз орын алды. 32 жастағы ер адам тізгіндеген жеңіл автокөліктің ішінде үш бала отырған.

Апат салдарынан 7 жасар бала көз жұмды. Қалған 2020 және 2016 жылғы қыз балалар Павлодар ауруханасына түсті.

Аталған факті бойынша барлық қажетті шаралар қолданылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866815-pavlodar-oblysynda-tas-zoldagy-apattan-kejin-btin-bir-otbasy-auruhanaga-tsti/