RU

Covid-19 инфекциясының тағы бір симптомы анықталды

Испания ғалымдары JAMA Dermatology ғылыми журналында коронавирустың алғашқы симптомы ауыз қуысындағы бөртпе – энантема болуы мүмкін екенін жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram

Ғалымдар жүргізген зерттеу жұмыстары кезінде ауыздың шырышты қабығындағы қатты бөртпе науқастардың 29 пайызынан табылған. Бұл симптом COVID-19 инфекциясының басқа клиникалық белгілерінен шамамен екі күн бұрын пайда болған.

Қазіргі кезде Испанияның ғалымдары бұл симптомның науқастар арасында қаншалықты кең таралғанын нақты айта алмай отыр. Олардың сөзінше, бұған науқастардың ауыз қуысын тексеруде қиындық тудыратын қауіпсіздік техникасының талаптары кедергі келтіруде.

Мамандардың зерттеу жұмысына 40 пен 69 жас аралығындағы 21 пациенттің қатысқаны белгілі болды.

Айта кетейік, бұл мәлімдемеге дейін Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты жұқтырудың алғашқы симптомы – терінің зақымдануы болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары коронавирус індеті тағы неше уақытқа жалғасатынына болжам жасады.

Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігі елімізде тәулік сайын коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші 4 пайыздан 2,1 пайызға төмендегенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866816-covid-19-infekciasyny-algas-bajkalatyn-ty-simptomy-anyktaldy/