RU

Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады

Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше мен көпір жабық болады. Көлік жүргізушілері жол жүру бағыттарын алдын-ала жоспарлауы қажет деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, 26 шілде мен 1 тамыз аралығында Амман көшесі бойымен Шарль де Голль көшесінен Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде, Шарль де Голль көшесі бойымен Амман көшесінен Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.

Сондай-ақ, Дүйсенбаев көшесі бойымен Аспара көшесінен Герценге дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 26-30 шілде аралығында аталған көшелердегі учаскелер жабық болады.

Сонымен қатар, Шарль де Голль көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскедегі М2 (Амман көшесі-Мәңгілік Ел даңғылы) көпірінің құрылысы бойынша жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 26-31 шілде аралығында қозғалыс тоқтайды.

Айта кету керек, елорда тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс жағдайын болдырмау үшін жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлауы қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласына қонған QazaqAir ұшағынан ақаулардың анықталғаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866821-nr-sltanda-birnese-kse-men-kpir-zabylady/