RU

Отандық телеарна пандемия салдарынан хабар таратуын тоқтатады

"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін "Tamasha TV" арнасы 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Телерадиокорпорациясы коронавирус пандемиясы салдарынан Қазақстан теленарығындағы жарнамадан түсетін табыс күрт төмендегенін атап өтті. Олардың пайымдауынша, келесі жылғы болжам да көңіл көншітерлік емес.

Хабарламада осы күнге дейін "Tamasha TV" телеарнасы жарнамадан түсетін табыс негізінде қаржыландырылып келгені айтылды. Ол Қазақстандағы ойын-сауық бағытындағы алғашқы арна болып 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шықан болатын.

Енді телеарна контентін тек You Tube желісіндегі "Qazaqstan TV" каналынан көруге болады. 

Одан бөлек, нарықтағы қиындыққа қарамастан "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының медиаактивтері ұлттық құндылықтарды насихаттап, этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы жұмысын одан әрі күшейте түсетіні белгілі болды.

"Бұл ретте биылғы жылдың 30 маусымынан бастап ашылған "Abai tv" мәдени-ағарту телеарнасына артылар жүк ауыр. Арна "Otau TV" ұлттық спутниктік операторы, "Alma TV", "ID TV" кабельдік желілері арқылы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат хабар таратады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866823-otandyk-telearnalardy-biri-indet-saldarynan-habar-taratuyn-toktatady/