RU

Еліміздің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Әсіресе Ақмола, Ақтөбе, Павлодар және Маңыстау облыстарында күн құбылып, найзағай ойнайды. Ал желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, Қостанай, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында да осындай жағдай байқалады. Синоптиктер тіпті бұл аймақтарда бұршақ жууы да мүмкін деп отыр.

Ал Қызылорда облысында аптап ыстық сақталады. Осы орайда мамандар өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу керектігін ескертеді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қостанайда жаңбыр мен бұршақтығ молынан жауғанын жазған болатынбыз.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан өңір орталығының жолдарын, тұрғын үй аулаларын, мекемелер мен сауда орындарының алдын су басып қалғанын байқау қиын емес. Жергілікті тұрғындар осының салдарынан тек жаяу жүргіншілер ғана емес, автокөліктердің де қатынауы қиындай түскенін жеткізді.

Одан бөлек, қостанайлықтар қоғамдық көліктер де уақытынан кешігіп жатқанын желіде жарыса жазды.

"Қазгидромет" мамандары таратқан ақпаратқа сәйкес, Қостанай облысында өткен жексенбі мен дүйсенбі күндері дауылды ескерту жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866825-elimizdi-segiz-irinde-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zasaldy/