RU

Қостанайда қатты жауған жаңбыр мен бұршақ салдарынан қаланы су басып қалды (видео)

Әлеуметтік желі қолданушылары Қостанайдағы құбылмалы ауа райын суреттеген видеоларды бөлісті. Кадрдан қатты жауға жаңбыр мен бұршақ қала тұрғындарына үлкен қиындық тудырғанын байқауға болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан Қостанай қаласының жолдарын, тұрғын үй аулаларын су басып қалғанын байқау қиын емес. Жергілікті тұрғындар осының салдарынан тек жаяу жүргіншілер ғана емес, автокөліктердің де қатынауы қиындай түскенін жеткізді.

Одан бөлек, қостанайлықтар қоғамдық көліктер де уақытынан кешігіп жатқанын желіде жарыса жазды.

"Қазгидромет" мамандары таратқан ақпаратқа сәйкес, Қостанай облысында өткен жексенбі мен дүйсенбі күндері дауылды ескерту жарияланған. Одан бөлек, ауа райын болжаушылар Ақмола, Ақтөбе, Павлодар және Маңыстау облыстарында күн құбылып, найзағай ойнайтынын жеткізді.

Олар Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында да осындай жағдай байқалады деп отыр. Синоптиктердің сөзінше, тіпті бұл аймақтарда бұршақ жууы да мүмкін.

Ал Қызылорда облысында аптап ыстық сақталады. Осы орайда мамандар өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу керектігін ескертеді.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1402 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 83 122-ге жетіп отыр. Ал Қостанай облысында қауіпті дертке шалдыққандар 2412 адамды құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866838-kostanajda-katty-zauga-zabyr-men-brsak-saldarynan-kalany-su-basyp-kaldy-video/