jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақтауда адамдар демалып жүрген жағажай басшылығы жазаланды

    : UGC

    Ақтауда рейд кезінде карантин режимін өрескел бұзылған жағажай назарға ілікті. Тәртіп бұзғаны үшін басшылыққа 320 мың теңгеге жуық айыппұл салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ақтауда адамдарға лық толған жағажай басшылығы жазаланды
    Видеодағы кадр: lada.kz: UGC

    Lada.kz порталына облыстың тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, қаланың төрт демалыс орнына тексеріс барған. "Достар" қонақүй кешені мен жағажайда карантин режимінің бұзылғаны анықталды.

    Санитар дәрігерлердің айтуынша, бұл жерде маска тағу, арақашықтық, дезинфекциялық режимдер сақталмаған. Сонымен қатар, бассейн жұмыс істеген, алайда бұған тыйым салынған. Сарапшылардың пікірінше, ақылы жағажай әкімшілігі демалушылардың санына сәйкес келуін және 2 метр қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуі керек.

    Нәтижесінде басшылыққа 115 АЕК (шамамен 320 мың теңге) айыппұл салынды. Билік ақылы жағажайлар жұмыс істей алады деген шешімін кәсіпкерлердің белгіленген ережелерді сақтайды деген үмітпен қабылдағандарын айтып түсіндірді.

    Сондай-ақ, департамент "Сарбаз жағажайына" назар аударды. Әлеуметтік желіде демалушылардың қарасы қалың көрініс алған кадрлар пайда болды. Мұнда ол жақсы күтімге алынбағаны және келушілердің көпшілігі коронавирустың таралуын жол ашуы мүмкін деген қауіптің бары атап өтілді. Сондықтан бұл жағажайды уақытша жабу туралы шешім қабылданды.

    Еске салсақ, Ақтау қаласының тұрғыны адамға лық толы ақылы жағажайды видеоға түсіріп алған. Авторды жағажайдың халыққа лық толып кетуі емес, осындай жағдайдың туындауына алып келген бас санитар дәрігердің тыйымдары көбірек уайымдатты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.