RU

ШҚО колонияларында педофилге қалай кастрация жасалады

ШҚО ҚАЖД медициналық бөлімінің басшысы Рашат Мұхаметқалиев облыстағы колонияларда кімге және не үшін химиялық кастрация жасалатынын айтып берді. Бұл процедура Қазақстанда 2018 жылы заңды түрде педофилдерге қатысты бекітілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО колонияларында педофилдер қалай кастрацияланады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Рашат Мұхаметқалиевтің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында инъекция өткен жылы 19 қыркүйекте алғаш рет педофилге егілген. Ол 8 жасар қызды зорламақ болған.

2018 жылы ол мас күйде мектеп оқушысын адам жоқ жерге ертіп әкетіп, оны қорламақшы болған. Қыз бала айқайға басып, оның даусын өтіп бара жатқан екі адам естіп, көмекке келген. Нәтижесінде күдікті ұсталған.

Ер адам сот үкімімен 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын өтеу үшін қатаң режимдегі колонияға жіберілді. Сондай-ақ, оған химиялық кастрация тағайындалды.

Медициналық бөлімнің меңгерушісі "Андрокур Депо" препараты сотталушыға әр 12 күн сайын тағайындалатынын атап өтті. Сотталушы өзіне инъекция жасалғанын растап, журналға қол қояды.

Мұхаметқалиев оның процедураға өз келетінін, келгенде өзін сабырлы ұстайтынын, ашуға бой алдырмайтынын айтады.

Жақында бұл жерде басқа педофилге химиялық кастрация жасала бастаған. Сот оны 11 жасар өгей баласын зорлағаны үшін кінәлі деп тапқаннан кейін ол 17 жылға бас бостандығынан айырып, кастрация жасауды тағайындаған.

Медициналық бөлімнің басшысы атап өткендей, инъекциялық препарат тестостерон деңгейін және құмарлықты төмендетеді.

Әр 3 ай сайын мамандар сотталушының екпенің ағзаға әсерін анықтайды және алты ай сайын сот сарапшылары процедураларды ұзарту қажет пе соны тексереді.

Сотталған адам жазасын өтеу мерзімі аяқталып, колониядан шыққанға дейін әртүрлі тексерулерден өтеді. Содан кейін, оған құмарлықтан толықтай айырылғанша тұрғылықты жері бойынша дәрі-дәрмек егу жалғастырылады.

Мұндай сотталушылармен колонияларда психологтар жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін белгілі адвокаттың педофилдер үшін өлім жазасын енгізуге қарсы шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866876-sko-kolonialarynda-pedofilge-kalaj-kastracia-zasalady/