RU

Медсақтандыру қоры коронавируспен күреске қанша қаржы жұмсады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында қордың коронавируспен күресуге қаша ақша жұмсағанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Болат Төкежановтың сөзіне қарағанда, жалпы Сovid-19 індетімен күрес шараларына 56,7 млрд теңге бағытталған, оның 13,4 млрд теңгесі – вирус жұқтырған науқастарды стационарларда емдеуге, 38,1 млрд теңгесі медицина қызметкерлерінің үстеме ақысына бөлінген.

Осы соманың басым бөлігі, атап айтқанда, 13,4 млрд теңгесі – провизорлық стационар қызметкерлеріне, жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлеріне, сондай-ақ санитарлық авиация дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлеріне берілген.

Маусым айының соңында қордан осы мақсаттарға шамамен 44 млрд теңге төленген, бұл жалпы бөлінген соманың 75 пайыздан астамын құрайды.

Бұдан бөлек, тағы 5,2 млрд теңге ПТР-зерттеу әдісімен коронавирусты диагностикалауға бағытталған.

Сондай-ақ медсақтандыру қоры көптеген қазақстандықтардың аурудың өсімі кезінде коронавирус немесе пневмонияны диагностикалауға, дәрі-дәрмек пен ем алуға біраз шығындалғанын ескере отырып, инфекциямен ауырып шыққан адамдарды оңалту қызметтерін қаржыландыру туралы шешім қабылдаған.

Спикердің айтуынша, халық арасында мұндай қызметке мұқтаждық өте жоғары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Болат Төкежанов елімізде коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге қанша қаражат жұмсалатынын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866933-medsaktandyru-kory-koronaviruspen-kreske-kansa-karzy-zmsady/