RU

Еліміздің біршеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Синоптиктер таратқан ақпаратқа сәйкес, 28 шілде күні Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз жаңбыр жауады. Бірқатар аумағына найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерді жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында 28 шілде күні күндіз жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ жауы мүмкін.

Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Көкшетауда найзағай ойнайды.

28 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде жаңбыр жауады. 28-29 шілдеде кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, жылдамдығы бірқатар аумата секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метр болады. Облыстың оңтүстігінде өрт қауіпі сақталады. Қарағандыда найзағай ойнап, күшті жел тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына күндіз 18 метрге жетеді.

Жезказғанда күндіз найзағай ойнап, жел күшейеді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады, шаңды дауыл тұруы ықтимал. Күндіз өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылордада түнде және таңертең найзағай ойнауы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанайда найзағай ойнауы мүмкін.

28 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте 28 шілде күні солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Түркістан қаласында күндіз солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20, күндіз екпіні 25 метр болады.

Өскемен қаласында 28 шілде күні найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ойысып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Семейде 28 шілде күні күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ойысып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Петропавлда күндіз найзағай ойнайды. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 75-100 %

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866979-elimizdi-birsese-oblysynda-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zarialandy/